Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Архат ауылдық округіне жаңа өрт сөндіру көлігі берілді

12-09-2025, 14:37 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында әмбебап өрт сөндіру депосының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, сондай-ақ азаматтық қорғау саласының мамандары қатысты.

Салтанатты рәсім барысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Архат ауылдық округіне жаңа ГАЗ 33086 маркалы өрт сөндіру көлігінің кілті табысталды. Бұл техника ауылдағы қауіпсіздік деңгейін нығайтып, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге зор мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Архат ауылында «Архат-Орда» қоғамдық қорының бастамасы және қаржыландыруымен жаңа өрт сөндіру бекетінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл жоба ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.

Өрт сөндіру бекеті іске қосылғанда, Архатпен қатар көршілес елді мекендер де тәулік бойы кәсіби көмекке қол жеткізе алады. Облыс басшылығы ауыл аймақтың қауіпсіздік инфрақұрылымын кезең-кезеңімен күшейту жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив