Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.07 615.2 6.58

Берік Уәлидің бастамасы нәтижесін бере бастады

29-10-2025, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәли маусым айында «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумын өткізіп, өңірден шыққан кәсіпкерлерді аймаққа қолдау көрсетуге шақырған болатын. Бұл бастамаға жерлестер үлкен қызығушылық танытып, туған өлкеге инвестиция салуға ниет білдірді.


Сол қолдаудың жарқын үлгісі — ағайынды Мұқашевтар жүзеге асырып жатқан ірі жоба. Олар Жаңасемей ауданына қарасты Шақаман ауылының жанынан Қазақстандағы ең ірі ет комбинатының құрылысын бастап кетті. Бұл жоба көптеген жаңа жұмыс орындарын ашып, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға тың серпін бермек.


Құрылысқа жауапты «ADK Group» ЖШС директоры Сағындық Серікқалиұлының айтуынша, қазір бетон құю жұмыстары толық аяқталған.


«Жыл соңына дейін металл конструкциялар орнатылып, қабырғалары қаланып, төбе жабылады. Барлығы жоспарға сай уақтылы жүзеге асуда. 2026 жылдың тамыз айында кәсіпорынды пайдалануға беру көзделіп отыр», – деді ол.

Аталған жоба жүзеге асқанда, өңір экономикасына оң әсер етіп, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін болады.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив