Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Жаңасемей ауданында кеңейтілген аппараттық отырыс өтті

16-06-2025, 14:37 018.kz

Аудан әкімдігінде әлеуметтік, экономикалық және құқықтық бағыттағы өзекті мәселелер талқыланған кеңейтілген аппараттық отырыс өтті. Жиынға аудан әкімі, оның орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды:

1. “Қарызсыз қоғам” жобасын іске асыру барысы
“АМАНАТ” партиясы бастамашы болған “Қарызсыз қоғам” жобасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар тыңдалды. Азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, борыштық жүктемесін азайту және әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру шаралары жан-жақты талқыланды.

2. Жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдау
2025 жылғы 29 мамырдағы №1 хаттамаға сәйкес, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар (тракторист, электр-газ дәнекерлеуші және т.б.) бойынша үш айлық кәсіби оқыту курстарына азаматтарды тарту және кейіннен тұрақты жұмыспен қамту мәселелері көтерілді.

3. Көктемгі мерзімді әскерге шақыру жоспарының орындалуы
2025 жылғы көктемгі шақырылым бойынша бекітілген наряд жоспарының орындалу барысы қаралды. Әскер қатарына шақырылушылардың медициналық тексерістен өтуі мен моральдық-психологиялық дайындығына ерекше назар аударылды.

4. Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс-шаралар және спорттық жарыстарға дайындық
Атаулы мерейтой аясында өтетін мәдени және спорттық шаралардың маңыздылығы атап өтіліп, оларды жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

5. Орман қоры аумағын кеңейту және экологиялық мониторинг
Екпелер орналасқан жер учаскелерін анықтау және орман қорының құрамына қосу бағытында мониторинг жүргізудің қажеттілігі айтылды. Бұл шаралар жасыл белдеуді кеңейту мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін маңызды екені баса көрсетілді.

6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі өзгерістер
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген жаңа өзгерістер түсіндіріліп, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту міндеттелді.

Жиын қорытындысында аудан әкімі жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив