Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.79 606.34 6.51

Жаңасемей ауданында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

16-07-2025, 16:10 018.kz

2025 жылғы 16 шілдеде Абай облысы әкімінің аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Дулат Хусаинов жаңадан құрылған Жаңасемей ауданы әкімдігіне жұмыс сапарымен барып, мемлекеттік қызметшілермен кездесу-семинар өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру, мемлекеттік қызметте қойылған шектеулер мен мүдделер қақтығысын болдырмау жолдарын түсіндіру және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру болды.

Семинар барысында Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдебін сақтау, әріптестер мен азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық таныту, дөрекі сөздер мен бейәдеп мінез-құлыққа жол бермеу қажеттігін ерекше атап өтті.

Жаңасемей ауданы әкімдігі – жаңадан құрылған құрылым, сондықтан ұжым алдында көптеген маңызды міндеттер тұр. Әсіресе мемлекеттік қызметке жаңадан келген жастардың санының артуына байланысты олардың әдеп талаптарын дұрыс меңгеруі ерекше маңызды екені айтылды.

Дулат Хусаинов мемлекеттік қызметшілер арасында жиі кездесетін заң бұзушылықтарға тоқталып, әсіресе ойынқұмарлық (лудомания) мәселесінің қауіптілігі мен оның зардаптары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және қоғам сенімін арттыру бағытындағы шаралар талқыланды.

Семинарда нақты мысалдар келтіріліп, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және моральдық жауапкершілігі жөнінде пікір алмасу өтті.

Кездесу соңында әкімдік ұжымы Әдеп жөніндегі уәкілге пайдалы мәліметтер мен түсіндірмелер үшін алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға зор ықпал ететінін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив