Холодный ключ кентінде 50-ден аса қоқыс полигоны жойылды
«Ғарыш сапары» космомониторингі Семей қаласында 300-ден астам рұқсат етілмеген жердегі қоқыс үйінділерін анықтады. Қазіргі таңда қала бойынша 180-нен астам қоқыс полигоны жойылды. Атап айтқанда, Холодный ключ кентіндегі Цветочная, Речников көшелеріндегі 50-ден аса қоқыс полигоны жойылып, 2000 текше метр қоқыс шығарылды.
«Екі аптадан аса уақыт ішінде қалалық әкімдік 30 жылдан астам уақыттан бері келе жатқан қоқыс үйінділерін тазалады. Қалалық әкімдікке және коммуналдық қызметтерге айтар алғысымыз шексіз», -дейді Цветочный көшесінің тұрғындары.
Айта кетейік, Холодный ключ кентіндегі Холодный ключ көшесінде жұмыстар әлі де жалғасуда. Сонымен қатар, Степной, Восточный, Кирпичный, Березовский, РСУ-1 кенттерінде де қоқыс үйінділерін жою жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Қала тұрғындарына белгіленбеген жерге қатты тұрмыстық қалдықтарды төкпеуді сұраймыз. Тазалық тазаланған жерде емес, таза ұстаған жерде.
Тағыда оқыңыз
Үкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыҰлттық палата жер бермеген шенеуніктерді жауапқа тарту үшін қандай ұсыныстар жасадыСемейде коммуналдық қызметтер рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын жүргізудеШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі