Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.92 588.91 6.44

Семейде коммуналдық қызметтер рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын жүргізуде

8-04-2023, 12:29 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында қоқысты рұқсатсыз төгу орындарын тазарту жұмыстары әлі де қарқынды жалғасуда. Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындар қатысатын сенбілік келесі аптаға шегерілген болатын. Десе де коммуналдық қызметтер өз жұмыстарын штаттық режимде жалғастырып жатыр.

Бүгін санитарлық тазарту жұмыстары келесі пункттерде жүргізілуде. Олар: Степной, Шығыс, Суық бұлақ, Кирпичный, Березовский кенттері мен құс фабрикасы аумағы.

Аталған аумақтардағы санитарлық тазалық жұмыстарының жүргізу барысын Нұрбол Нұрсағатов  тексеріп, муниципиалды өкілдеріне тазалық жұмыстарын сапалы орындау туралы бірқатар тапсырмаларды берді.

Айта кетейік, бүгін санитарлық тазалауға және рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмыстарына 20 тиегіш пен 50 самосвал көлігі жұмылдырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив