Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Күшікбай бұлағы тазартылды

29-05-2025, 10:41 018.kz

Жаңасемей ауданы әкімдігінің бастамасымен және жергілікті тұрғындардың қолдауымен Күшікбай бұлағының жағалауы күл-қоқыстан толық тазартылды. Табиғатты қорғау мен экологиялық сана қалыптастыруға бағытталған шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өтті.

Сенбілікке аудан әкімдігі қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, мектеп оқушылары және арнайы құрылған еріктілер тобы қатысты. Қатысушылар бұлақ маңындағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, айналаны ретке келтіріп, табиғи ландшафттың бастапқы көрінісін қалпына келтіруге атсалысты.

Күшікбай бұлағы — Жаңасемей өңіріндегі табиғи сұлулығымен ерекшеленетін киелі мекендердің бірі. Көптеген тұрғындар бұл аумаққа жиі келіп, демалып, таза ауамен тыныстайды. Сондықтан бұлақ айналасын тазарту – экологиялық мәдениетті арттырып қана қоймай, елдің табиғатқа деген қамқор көзқарасын көрсететін маңызды бастама болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға табиғатты аялаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, бұлақ маңына «Тазалық — мәдениеттіліктің белгісі» және «Табиғатты қорғайық!» деген мазмұндағы тақтайшалар орнатылды.

Аудан әкімдігі алдағы уақытта да мұндай экологиялық акцияларды жүйелі түрде өткізіп, тұрғындардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыруды көздеп отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив