Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Жаңасемей ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтті

27-05-2025, 11:40 018.kz

Жаңасемей ауданында мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне арналған кәсіби мереке — Мәдениет және өнер қызметкерлері күні салтанатты түрде аталып өтті. Шара аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылып, оған мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, кітапханашылар, өнер ұжымдары, ардагерлер мен жастар қатысты.

Салтанатты жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Айбек Төлегенұлы ашып, мәдениет және өнер саласының өкілдерін төл мерекелерімен құттықтады. Ол өз сөзінде:

«Мәдениет пен өнер — ұлттың рухани байлығының айнасы. Сіздердің еңбектеріңіз арқылы халқымыздың дәстүрі, тарихы мен құндылықтары насихатталып, жас ұрпақтың бойына елдік рух сіңіріледі», — деп атап өтті.

Мереке барысында мәдениет саласының дамуына үлес қосқан бірқатар қызметкерлерге Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.

Жиын мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасып, аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Көркемөнерпаздар ұжымдарының орындауындағы халық әндері мен заманауи би қойылымдары залдағы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Бұл мереке — мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерінің еңбегін дәріптеп, олардың қоғам өміріндегі ерекше рөлін айшықтаған маңызды шара болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив