Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Жаңасемей ауданында жергілікті қауымдастық жұмысы талқыланды

2-05-2025, 15:10 018.kz

Жаңасемей ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Роллан Кемербаев Озерки және Приречный ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты — жергілікті өзін-өзі басқару тетіктерін түсіндіру, ауылдық деңгейдегі қауымдастықтардың рөлін арттыру және олардың жұмысын заң аясында жүйелеу болды.

Жиын барысында Роллан Кемербаев ауыл тұрғындарымен бірге жергілікті қауымдастықтың құрамы мен қызметін ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Ол қауымдастық мүшелерінің міндеттері мен өкілеттіктеріне тоқталып, олардың шешім қабылдау процесіндегі маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, кездесуде ауылдық қауымдастықтардың қызметі ҚР “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” заңына сәйкес жүзеге асырылуы керектігі айтылды. Роллан Кемербаев:

«Қауымдастық жұмысы заң шеңберінде құрылып, оның регламенті мен ережесі міндетті түрде аудандық мәслихат шешімімен бекітілуі тиіс. Бұл – ауыл тұрғындарының бастамаларын ресми деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ауылдағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Аудандық бөлім басшысы көтерілген ұсыныстарды назарға алып, жергілікті басқару жүйесін тиімді ұйымдастыру үшін түсіндіру жұмыстарының жалғасатынын жеткізді.

Бұл кездесу – ауыл тұрғындарының белсенділігін арттырып, жергілікті басқару ісіне халықтың тікелей қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шара болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив