Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Жаңасемей ауданы әкімінің міндетін атқарушы мәдениет қызметкерлері күнімен құттықтады

21-05-2025, 08:32 018.kz

Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мәдениет – халықтың рухани байлығы мен ұлттық келбетін айқындайтын маңызды сала. Сіздер – ұлттың руханиятын қалыптастырып, өнер арқылы елдің еңсесін көтеріп жүрген ерекше жандарсыздар. Ұлт тарихын, дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізудегі еңбектеріңіз – елдік пен бірліктің негізі.

Бүгінгі таңда мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері тек шығармашылық иелері ғана емес, қоғамның рухани тұтастығын сақтап тұрған алтын көпір. Сіздердің талмас еңбектеріңізбен ауылдық мәдениет үйлері мен кітапханалар, өнер ұжымдары мен шығармашылық бірлестіктер халықтың сүйікті ордасына айналып отыр.

Әсіресе, Жаңасемей ауданының мәдениет саласындағы әр қызметкердің еңбегі ерекше құрметке лайық. Сіздер өткізген іс-шаралар мен көрмелер, театрландырылған қойылымдар мен концерттер аудан тұрғындарының өміріне қуаныш пен шабыт сыйлап келеді.

Өнер мен мәдениетті өркендету жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!
Сіздерге зор денсаулық, мол шығармашылық табыс, отбасыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!
Шабытыңыз сарқылмасын, еңбектеріңіздің жемісі ел игілігіне айнала берсін!

Ізгі тілекпен,
Жаңасемей ауданы әкімінің міндетін атқарушы
Айбек Төлегенұлы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив