Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Жаңасемей ауданының әкімі Алмас Тәнібекұлы аудан тұрғындарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

1-05-2025, 09:35 018.kz

Құрметті жерлестер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – бейбітшілік пен келісімнің, татулық пен өзара түсіністіктің символы.
Бірлік – біздің елдігіміздің өзегі, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуының кепілі. Еліміздегі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің татулығы – Тәуелсіз Қазақстанның ең басты байлығы.

Біз барлығымыз — бір шаңырақ астында, ортақ мақсат пен ортақ мүдде жолында бірлесіп еңбек етіп келеміз. Әр ұлттың тілі мен мәдениеті, дәстүрі мен өнері – еліміздің рухани байлығын арттырып, ұрпаққа өнеге болуда.

Бүгінгі Қазақстанның жетістігі – барша азаматтардың бірлігінің және елге деген адал қызметінің жемісі. Осы татулық пен ынтымақты сақтау – бәріміздің ортақ міндетіміз.

Осы тамаша мереке күні Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық, мол бақыт пен береке тілеймін!
Бірлігіміз бекем, елдігіміз мәңгі болсын!

Ізгі тілекпен,
Жаңасемей ауданының әкімі
Алмас Тәнібекұлы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив