Абай облысында Құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Бекжан Мейрамбекұлы Бапышев Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Бекжан Мейрамбекұлы 1989 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2011 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Құқықтану» мамандығы, 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша тәмәмдады.
Еңбек жолын Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің аппаратында тағылымдамашы ретінде бастаған.
2013-2015 жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратында өндірістік-техникалық, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету және инфрақұрылым бөлімдерінде бас маман, 2015-2016 жылдары Алматы ауданы әкімінің аппаратының мүлікті жария ету комиссиясында, өндірістік-техникалық бөлімде техник, бас маман, бөлім басшысы болып еңбек етті.
Әр жылдары Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің аппаратында инфрақұрылым бөлімі мен Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің аппаратында абаттандыру және өндірістік-техникалық бөлімдерін басқарып, Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Тағайындалғанға дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары болды.