Cемей-25°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.72 544.09 5.2

Абай облысының мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

11-11-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Конкурстық комиссияның нәтижесі негізінде Абай облысы әкімінің өкімімен Самат Айбек Төлегенұлы Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Айбек Төлегенұлы 1987 жылы 16 қарашада Ақсуат ауданында дүниеге келген.

2004 жылдан 2008 жылға дейін Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ маман көмекшісі болып бастаған.

2010 жылдан 2012 жылға дейін «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ компьютерлік техника операторы.

2012 жылдан 2013 жылға дейін «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы.

2013 жылдан 2015 жылға дейін Семей қаласы әкімінің көмекшісі.

2015 жылдан 2016 жылға дейін « Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ ақпараттық-насихаттау жұмыс секторының меңгерушісі.

2016 жылдан 2020 жылға дейін « Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының орынбасары.

2020 жылдан 2021 жылға дейін «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы.

2022 жылғы сәуір айынан тамыз айына дейін Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы және Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мониторингі бөлімінің басшысы.

2022 жылдың тамызынан 2023 жылдың маусымы аралығында Абай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы.

2023 жылдың маусымы мен қыркүйек айы аралығында Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары.

2023 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін Абай облысы әкім аппаратының Ұйымдастыру және бақылау-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив