Абай облысында Мәдениет басқармасы басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшының орынбасары лауазымына Берікбекова Толқын Берікбекқызы тағайындалды.
Толқын Берікбекқызы 1990 жылғы 29 маусымда Абай ауданының Қасқабұлақ ауылында дүниеге келген.
2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
2017 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін (қазіргі Әлихан Бөкейхан университеті) «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Біліктілігі-құқық магистрі.
Еңбек жолын 2011 жылы маусым айында «ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ маман көмекшісі ретінде бастаған.
2012-2015 ж.ж.- «ШҚО Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, жетекші маман, бас маман;
2015-2016 ж.ж.- «ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімінің бас маманы;
2016-2018 ж.ж.- «ШҚО Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, бас маман, сектор меңгерушісі;
2019-2020 ж.ж. «ШҚО мәдениет басқармасы» ММ, мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы;
11.2020-02.2021 ж.ж. - «ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ, ономасикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы;
02.2021-02.2022 ж.ж.- «ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ, тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бөлімінің басшысы;
05.2022-09.2022 ж.ж.- «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі», сектор меңгерушісі;
2022 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін - «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ мәдениет, өнер, тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы қызметін атқарды.