Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.49 552.59 6.24

Ақсуат ауданында үш ауылды жалғайтын көпір құрылысы жүргізілуде

13-11-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Аудан тұрғындарының өтінішіне сәйкес биыл Ақсуат, Құмкөл және Ойшілік ауылдарын байланыстыратын жолдағы Тебіске өзенінен өтетін көпірді қайта құру жұмысы басталды. Бұл жоба көлік қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Көпірдің ұзындығы 55 метр, ені 8 метр, екі жолақтан тұрады. Сондай-ақ, көпірге кірме жолдың ұзындығы 832 метр болмақ. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Материалдар толық жеткізілген, төрт тіректің іргетасы қаланған.

Барлық жұмыстар қауіпсіздік және сапа талаптарына сай орындалуда. Көпір құрылысы аяқталған соң ауыл тұрғындарының қатынау мүмкіндігі едәуір жақсарып, көлік қозғалысы әлдеқайда қауіпсіз әрі ыңғайлы болмақ. Бұл – аудан халқының көп жылдан бергі өзекті мәселесінің шешімі әрі аймақ инфрақұрылымының дамуына серпін беретін маңызды жоба.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив