Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.49 552.59 6.24

Сенаторлар QazIndustry қызметімен танысты: өнеркәсіптік әлеуетті дамыту керек

21-11-2025, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Парламент Сенатының депутаттары «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-да болып, компанияның қызметімен танысты. Онда өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

QazIndustry өңдеуші өнеркәсіпті және еліміз ішіндегі құндылықты дамыту жөніндегі ұлттық институттың функцияларын орындайды, сондай-ақ өндірістік сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдеседі.

Сенаторлар кездесу барысында өңірлердегі арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың ағымдағы жағдайына және олардың дамуына кедергі келтіретін мәселелерге ерекше назар аударды. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау жөніндегі іс жүзіндегі шаралармен қоса шағын және орта бизнес саласындағы заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелері қаралды.

Депутаттар отырыста айтылған ұсыныстар мен өзекті мәселелер заңнаманы жетілдіру жөніндегі кейінгі жұмыс барысында ескерілетінін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив