Cемей-17°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
509.84 595.75 6.47

ТЖМ өрт қауіпсіздігі айлығың белсенді түрде жалғастыруда

21-11-2025, 18:48 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан ТЖМ жылыту кезеңінде өрттің алдын алу бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыруда, ол дәстүрлі түрде жылыту аспаптарын белсенді пайдалану салдарынан өрт қаупінің жоғарылауымен сипатталады.

Басты мақсат – тұрғын үйдегі өрттердің санын және олардағы адамдардың қаза болуын азайту. Ол үшін ТЖМ аулаларды аралау, рейдтер, нұсқамалар жүргізеді, азаматтарға жылу жүйелері мен электр құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелері туралы еске салады.

Жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы отбасыларға және басқа да әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ерекше назар аударылады.

Астана қаласындағы кезекті аулалық рейд аясында ТЖМ қызметкерлері жеке үйлердің иелерімен кездесіп, пештерді, жылыту жабдықтары мен электр аспаптарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салды. Тұрғындардың сұрауы бойынша пештер мен түтін мұржаларын тексеру жүргізілді, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою бойынша ұсыныстар берілді.

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев: «Пештер мен электр құрылғыларын белсенді пайдалану өрттің ықтималдығын арттырады. Біз азаматтарға жылыту жабдықтарын, электр құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелері туралы үнемі еске саламыз. Алдын алу жазатайым оқиғалардың алдын алудың негізгі әдісі болып қала береді. Барлық тұрғындарды жылыту маусымы тыныш және оқыс оқиғаларсыз өтуі үшін қарапайым шараларын сақтауға шақырамыз».

ТЖМ есебінде халықтың әлеуметтік осал топтарының 108 мың тұрғын үйі, сондай-ақ 225 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар, оларға жылу және электр жүйелерін жарамды күйге келтіруге көмек көрсетіледі, түтін мұржаларын күйеден тазарту және басқа да жұмыс түрлері жүргізіледі. Аулаларды аралау барысында 72 мыңнан астам үй өртке қауіпсіз жағдайға келтірілді.

Сонымен қатар, әкімдіктермен және еріктілермен бірге тұрғын үйлерде газдың қауіпті концентрациясы және жану өнімдері датчиктерен орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы жылы 29 мыңнан астам датчик орнатылды.

Қазақстан ТЖМ барлық азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін әсіресе жылыту маусымында қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

Өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтауға шақырамыз:

  - тек жұмыс істейтін пештер мен электр құрылғыларын пайдаланыңыз;

  - пештерді, электр және газ жабдықтарын жөндеуге және орнатуға тек білікті мамандарға сеніңіз;

  - пештердің қызып кетуіне және электр желілерінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеңіз;

  - мұржаны күйеден уақтылы тазалаңыз;

  - пештер мен электр құрылғыларында ақаулар бар-жоғын үнемі тексеріп отырыңыз;

  - пешті жағуды балаларға тапсырмаңыз;

  - сіріңкелер мен тұтандырғыштарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив