Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
450.69 505.04 5.45

Абай облысында бір аптада тазалық талаптарын бұзудың 605 дерегі анықталды

Бүгін, 16:17

Абай облысында қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бір апта ішінде өңірде тазалық талаптарын бұзудың 605 дерегі анықталып, жолы кесілді.

Тіркелген құқық бұзушылықтардың 561-і абаттандыру қағидаларын бұзуға қатысты болса, 44 дерек ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға байланысты болған.

Семей қаласында да рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастау фактілерін анықтау және олардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Мамандар тұрғындарды қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға, қоқысты белгіленген орындарға тастауға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға шақырады.

Тазалық – ортақ жауапкершілік. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив