Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

Семейде жылыту маусымы басталғалы 400-ге жуық датчик орнатылды

Кеше, 19:30

Семей қаласының әкімдігі Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы басталғалы 400-ге жуық датчик орнатылды.



Жылыту маусымында жеке тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау аса маңызды. Өрттің алдын алу және иіс газынан уланудан сақтану үшін тұрғындар мына ережелерді ұстануы қажет:

• Мұржалар мен пеш құбырларын күйеден уақтылы тазалаңыз;

• Түтін датчиктерін орнатыңыз;

• Жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз;

• Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударыңыз.

Мұржаларды уақтылы тазалау, түтін датчиктерін орнату және қауіпсіздік ережелерін сақтау өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірін қорғауға, мүлікті өрттен сақтауға көмектеседі.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив