Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

Еліміздегі 1,5 млн оқушы бір мезгілде мазмұндама жазды

21-11-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Дүниежүзілік балалар күніне орай мектеп оқушылары қауіпсіздік пен бала құқықтарының сақталуы жөнінде мазмұндама жазды. Оған бір мезгілде республика бойынша 1,5 млн бала қатысты.

Бұл бастама «Заң мен Тәртіп» идеологемасын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды. Еліміздің барлық мектептерінде 7–11 сынып оқушылары үшін арнайы сынып сағаттары өткізіліп, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған біріңғай мазмұндама жазу жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңызы, заңға бағынудың қоғамдағы рөлі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары түсіндірілді.

Республикалық акция жасөспірімдердің құқықтық білімін нығайтуға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив