Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.49 552.59 6.24

Вице-министр Қанат Ысқақов Абай облысындағы діни ахуалмен танысты

21-11-2025, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Абай облысына жұмыс сапары барысында өңірдің діни ахуалын зерделеді. Семей қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітте ол мешіттің қызметімен және руханият саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Сапар аясында вице-министр тарихи Ағаш мешітіне де барып, онда сақталған құнды қолжазбаларды көрді. Ол құжаттарды сақтау және қорғау бағытында тиісті қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Сонымен қатар Қанат Ысқақов Семейдегі шіркеуге барып, оның қызметімен, діни бірлестіктердің жұмысы және өңірдегі конфессияаралық жағдай жөнінде ақпарат алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив