Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
451.31 504.56 5.36

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұловпен кездесті

27-11-2025, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматыда Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұловпен кездесті.

Мәртебелі мейманға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді одан әрі жаңғыртуға бағытталған жаңа бастамалары туралы айтылды.

Қырғызстан өкілі мәдениет және білім саласындағы жобаларды жүзеге асыру жоспарымен бөлісті.

Кездесуде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету перспективасы талқыланды. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және шығармашылық бағыттағы бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар Ерлан Қарин мен Марат Иманқұлов Ұлттық орталық музейге барды және Тоқтағұл Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясы әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов повесінің желісімен қойған «Жәмилә» мюзиклін тамашалады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив