Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
451.31 504.56 5.36

Санкт-Петербургте тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша интеграциялық форум өтті

28-11-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Жеңістің 80 жылдығына орай кітапхана, архив пен музейлердің тарихи және мәдени мұрасын сақтау мәселелері бойынша интеграциялық форум ұйымдастырылды.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Сейітова еліміздегі тарихи-мәдени мұраны сақтау, цифрландыру және оны халыққа қолжетімді ету бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндама жасады.

Форум аясында «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кітапханалар, архивтер мен музейлерді эвакуациялау» тақырыбында сараптамалық сессия, «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кітапханалар мен кітапханашылар» атты дөңгелек үстел, сондай-ақ түрлі форматтағы пленарлық отырыстар мен көрмелер өтті.

Іс-шараға Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның кітапхана, архив, музей, білім беру және ғылыми ұйымдары мен қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив