Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Мемлекет басшысы Швейцария вице-президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді

29-11-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның Астанаға сапары екіжақты күн тәртібіне тың серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді.

Мемлекет басшысы Қазақстан Швейцарияны Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық серіктес, сондай-ақ 2005 жылдан бері елімізге 35,8 миллиард доллар құйған ірі инвесторлардың бірі ретінде қарастыратынын айтты. Президент елімізде шамамен 400 швейцариялық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтініне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Астана мен Берн арасындағы саяси диалог ашық әрі сындарлы сипатта жан-жақты дамып келеді.

Мемлекет басшысы экономикалық ынтымақтастықтың даму қарқынына назар аударды. Қазақстан мен Швейцария энергетика, тау-кен өнеркәсібі, өңдеу индустриясы, құрылыс, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, қаржы және жаңа технология салаларында табысты ықпалдастық орнатқан.

Ги Пармелан Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, өзара байланыстың қарқынын жоғары бағалады. Сондай-ақ Швейцарияның саяси диалогты нығайтуға, инвестициялық жобаларды кеңейтуге және экономиканың негізгі секторларында бірлескен бастамаларды ілгерілетуге ниетті екенін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив