Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
513.45 596.99 6.59

Сенат депутаттары Палата отырысының күн тәртібін бекітті

Бүгін, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 4 желтоқсанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Соған сәйкес алдағы бейсенбіде сенаторлар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарайды. Құжат нормалары инвестициялық тартымдылықты арттыруға және мемлекеттің уран саласындағы мүдделерін қорғауға бағытталған. Осыған байланысты заңда аз зерттелген аумақтарда геологиялық зерттеу жүргізу ерекшеліктері белгіленеді. Атап айтқанда, аз зерттелген аумақтарға жататын учаскелерді қалыптастыру тетіктері, сондай-ақ, аз зерттелген аумақтарда барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды жасасу және шарттарының ерекшеліктері айқындалады.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да Палата отырысының күн тәртібіне шығарылды. Заңның негізгі міндеттерінің қатарына Әкімшілік рәсімдер, оларды жүргізу тәртібі, әкімшілік сот ісін жүргізу, заң шығару процесі бөлігінде Әкімшілік рәсімдік – процестік кодекстің нормаларын жетілдіру жатады. Бұдан басқа, адвокаттардың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және сот сарапшыларының кәсіби қызметінің белгілі бір салаларын реттеу көзделген.

Сенат отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды да қарайды. Аталған құжатта мемлекеттік архивтердің азаматтардың сақтауға берілген дербес деректері мен жеке ақпаратын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі функциялары бекітілді. Заң нормаларына сәйкес құжаттарды цифрлық мұрағатқа тұрақты сақтауға беру және жүргізу тәртібін регламенттеу мұрағат материалдарын сақтаудың қолжетімділігі мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ іс-шарада сенаторлар Мәжіліс қабылдаған заңдарды жұмыс үшін тұрақты комитеттерге бөліп берді және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырылатын Комитет отырыстарын пысықтады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив