Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
503.89 587.54 6.48

Ақсуат ауданына жаңа өрт сөндіру техникасы берілді

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Аптаның сейсенбісі Ақсуат ауданы үшін қуанышты жаңалықпен басталды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі заманауи өрт сөндіру техникасымен толықтырылып, азаматтық қорғау саласының материалдық-техникалық базасы тағы бір деңгейге көтерілді.

Салтанатты рәсімде аудан әкімі Ерсін Кәдірбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, облыс әкімі Берік Уәлиұлының тапсырмасына сәйкес азаматтық қорғау жүйесін дамытуға айрықша көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, қауіпсіздік бағытындағы бұл қолдау - халық игілігі үшін жасалып отырған нақты қадамдардың көрінісі.

Шара барысында жаңа техниканың кілтін арнайы табыстауға келген Абай облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының бірінші орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Данияр Сәкенұлы Алимкинге аудан басшылығы тарапынан алғыс білдірілді. Аудан тұрғындары да сөз алып, бұл жаңару тек техникалық мүмкіндіктерді арттырып қана қоймай, өңір халқының қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған маңызды шара екенін атап өтті.

Бүгінде Ақсуат ауданы аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жедел жою мақсатында Қызылкесік, Құмкөл, Ойшілік, Кіндікті, Көкжыра, Сәтбаев, Ырғызбай ауылдық округтерінде орналасқан 7 өрт сөндіру бекеті тұрақты жұмыс істейді. Бұл бекеттерде 21 қызметкер тәулік тыныштығын күзетіп келеді.  Нәтижесінде 2025 жылдың өзінде ғана аудан бойынша 30-дан астам өрттің тұтану фактісі тіркеліп, барлығы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет мамандарының жедел әрекетімен сөндірілген.

Сонымен қатар, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Қызылкесік және Кіндікті ауылдық округтерінде жаңа өрт сөндіру пункттерінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар ауылдық аймақтардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы болмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив