Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Аягөздегі аядай ауылдың ауызбіршілігі көпшілікті тәнті етті

17-12-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Аягөз ауданына қарасты Тарбағатай ауылында биыл көпке үлгі боларлық игі бастама жүзеге асты. Ауыл тұрғындары салауатты өмір салтын дәріптеуді басты мақсат етіп, мектеп түлектері арасында дәстүрлі спорттық спартакиада ұйымдастырды.

Шара аясында спорттың бірнеше түрінен жарыстар өтіп, қатысушылар өзара бақ сынасты. Жыл бойы жалғасқан тартысты бәсекенің қорытындысы шығарылып, үздік команда мен жекелеген спортшылар анықталды. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға арнайы марапаттар табысталды.

Ауыл азаматтарының ұйымшылдығы мен бір мақсатқа жұмыла білуі көпшіліктің көңілінен шығып, ауыл өміріне серпін берді. Мұндай бастама жастарды спортқа баулып қана қоймай, ауыл тұрғындарының бірлігін нығайта түсетіні анық.

Айта кетейік, дәл осындай игі дәстүр Абай ауданының Құндызды ауылында және Көкпекті ауданының Тассай ауылында да жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл ауылдардағы ауызбіршілік пен белсенділік елді мекендердің дамуына оң ықпал етіп отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив