Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
519.61 610.13 6.54

Еңбек министрлігінде қызметтік әдеп пен өзара қарым-қатынас мәдениеті мәселелері талқыланды

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде аппарат басшысы Нұрдәулет Төлеевтің төрағалығымен құрылымдық бөлімшелер мен аумақтық департаменттер басшыларының қатысуымен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сондай-ақ ұжымда іскерлік және ізгі ниетті өзара іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Кеңесте әдеп жөніндегі уәкіл Өркен Алшынбаева баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің сыйлықтар алуына және беруіне байланысты жауапкершілік мәселелерін жан-жақты түсіндірді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, құнына қарамастан, заңсыз материалдық сыйақының кез келген түрі қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатыны атап өтілді. Қызметтік әрекет барысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Баяндаманың жеке бір бөлімі қызметтік қарым-қатынастар мәдениеті мәселелеріне арналды.

«Әрбір мемлекеттік қызметші ұжымда өзара қолдау, сындарлы диалог және командалық өзара іс-қимыл қағидаттарына негізделген іскерлік, құрметті және ізгі атмосфераны қалыптастыруға ықпал етуге міндетті», – деп атап өтті Ө. Алшынбаева.

Кеңес барысында аппарат басшысы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау мәселелеріне айрықша көңіл бөліп, олардың мүлтіксіз сақталуы үшін әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігін атап өтті. Белгіленген шектеулерді білу және саналы түрде қабылдау формальды талап қана емес, мемлекеттік қызметшінің кәсіби жауапкершілігі мен адалдығының маңызды элементі екені айтылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау – азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімінің негізі және бүкіл ұжымның тиімді жұмысының маңызды шарты», – деді Нұрдәулет Төлеев.

Кеңес қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелер мен аумақтық департаменттердің басшыларына қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметтік қарым-қатынас мәдениетін нығайту және қызметтік тәртіп бұзушылықтарының алдын алу жөнінде шаралар қабылдау ұсынылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив