Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
519.61 610.13 6.54

Қазақстан мен Беларусь ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласында меморандумға қол қойды

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 16–18 желтоқсан аралығында Ташкент қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі Комиссиясының 26-отырысы өтуде. Отырыс аясында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ Халықаралық атом энергиясы агенттігінің халықаралық міндеттемелері мен ұсынымдарын ескере отырып, мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері қарастырылуда.

Отырыстың негізгі маңызды оқиғаларының бірі Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті мен Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ядролық және радиациялық қауіпсіздік департаменті арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы болды.

Меморандум атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті реттеу саласында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған және ядролық әрі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары бойынша тәжірибе алмасуды көздейді.

Құжатта нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау, авариялық дайындық, ядролық материалдармен, радиоактивті қалдықтармен және пайдаланылған ядролық отынмен жұмыс істеу, сондай-ақ реттеуші қызметтің ғылыми-техникалық қолдау жүйесін және кадрлық әлеуетті дамыту мәселелері қамтылған.

Меморандумға қол қойылуы тараптардың ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін сақтауға мүдделілігін, сондай-ақ Халықаралық атом энергиясы агенттігінің халықаралық міндеттемелері мен ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының реттеуші органдары арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға ұмтылысын растайды.

Атом электр станциясын дайындау, салу және пайдалануға беру кезеңдерінде мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру және дамыту бойынша Беларусь Республикасының тәжірибесі Қазақстан Республикасы үшін практикалық қызығушылық тудырады және реттеуші органдар арасындағы тәжірибеге бағдарланған әрі кәсіби диалогтың дамуына ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив