Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
517.66 606.49 6.44

Мақаншы ауданындағы Бекет ауылына ауыз су берілді

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли Мақаншы ауданының Бекет ауылына барып, су құбыры жүйесінің жұмысымен танысты. Елді мекенде су құбырының құрылысы 2024 жылы басталып, биыл толық аяқталды.

Жоба аясында 6 көшеге су құбыры тартылды. Су беру станциясында тереңдігі 120 метрді құрайтын екі ұңғыма қазылып, сыйымдылығы 100 текше метр болатын екі резервуар, сорғы станциясы, электр дизельді генератор және трансформаторлық қосалқы станция орнатылды. Ауылдағы 96 аулаға орталықтандырылған ауыз су жеткізілген.

Бекет ауылында 334 адам тұрады. Елді мекенде бір фельдшерлік-акушерлік пункт пен бір дүкен жұмыс істейді. Жаңа су жүйесі тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, ауылдың әлеуметтік дамуына серпін бермек.

«Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру – біздің ең басты міндетіміз. Бекет ауылында салынған су жүйесі барлық талапқа сай келеді. Бұл – тұрғындардың көп жылдан бергі мәселесін шешкен маңызды жоба», – деді аймақ басшысы.

Ауыл тұрғындары елді мекендегі ең өзекті мәселенің шешім тапқанына ризашылықтарын жеткізді.

«1979 жылдан бастап біз осы Бекет ауылында тұрып жатырмыз. Соңғы кездері ауылымызда қуанышты жаңалық көп. Қазір балаларымыз, немерелеріміз ойнайтын балалар саябағы бар. Фельдшерлік-акушерлік пункт салынды. Су, жарық тартылды. Көшеде асфальт. Қаладан еш кем емеспіз», – дейді Бекет ауылының тұрғыны Әдина Әміржанова.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив