Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
511 602.72 6.49

Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған плац-концерт өтті

Бүгін, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 23 желтоқсанда Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында орналасқан AlemAI күмбезі астында даңқты қолбасшы, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған салтанатты плац-концерт өтті.

Мәдени-рухани шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі мен рәсімдік бөлімшесінің жеке құрамы қатысты. Мемлекеттік күзет қызметі үшін Бауыржан Момышұлының тұлғасы – ерлік, батылдық пен Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Батырдың бейнесі мен мұрасы ҚР МКҚ-ның жекелеген бағыттарының символикасына негіз етіліп, жеке құрам оның өнегесімен тәрбиеленіп келеді. Сонымен қатар, Б.Момышұлының әскери іс жөніндегі еңбектері мен бай жауынгерлік тәжірибесі тұрақты түрде зерделенеді.

Плац-концерт барысында Президенттік үрлемелі аспаптар оркестрі мен оның жеке орындаушылары, «Абырой» тобы патриоттық әндерді орындады. Сондай-ақ ҚР МКҚ «Айбын» Президенттік полкінің рәсімдік бөлімшесі, «Сардар» және «Көкжал» арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің қарумен көрсетілген әсерлі қойылымы көрермен назарына ұсынылды.

Қойылымның негізгі идеясы – жауынгерлердің даңқты қолбасшы, батыр Бауыржан Момышұлының рухына тағзымы. Бұл көріністер Батыр бейнесінің өміршеңдігін, оның рухы мен өнегесінің әрбір Отан қорғаушының бойынан табылатынын айқындайды. Шара бірнеше буын жауынгерлерінің рухани сабақтастығын, еліміздің өткені мен бүгінінің үзілмес байланысын көрсетті.

Концерт бағдарламасында кеңінен танымал патриоттық әндер – «Елім деп соқсын жүрегің» (Е. Сәрсенбеков, Б. Нұрмұханов), «Рух» («Абырой» тобы), «Сауыт» (И. Ескендір) және өзге де туындылар орындалды. Сонымен қатар ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің солистері жаңа «Көк аспан» әнін алғаш рет орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив