Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Елордада қоғамдық бақылау мен азаматтардың қатысуы талқыланды

25-12-2025, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестердің үйлестіру орталығының отырысы өтті.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бақылау туралы» Заңын іске асыру мәселелері, сондай-ақ оның тетіктерін өңірлік деңгейде дамыту және қолдану тәсілдері талқыланды.

«Сұрақ–жауап» сессиясы аясында қоғамдық кеңестер қызметін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленді. Отырыс қорытындысы бойынша қоғамдық бақылауды нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын арттыруға бағытталған бірқатар ұсынымдар қабылданды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив