Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
511 602.72 6.49

Семейде Президенттің жаңа жылдық шыршасы өтті

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Жаңа жыл қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінде «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!»  атты Президент шыршасы өтіп жатыр. Семейде мерекелік шараға облысымыздың 200 оқушысы қатысты.

Дәстүрлі Президент шыршасына 9-13 жас аралығындағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен оқу, спорт, шығармашылық, қоғамдық шараларда жетістікке жеткен үздік оқушылар шақырылды.

Облыс әкімі Берік Уәли балаларды мерекемен құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық лебізін жеткізді.

«Бүгін өздеріңді Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық шырша мерекесінде көргеніме қуаныштымын. Шын мәнісінде, бұл – өте керемет күн! Өйткені, осы шыршаға облысымыздың барлық аудан-қалаларының ең үздік, үлгілі оқушылары жиналып отыр. Президент шыршасына келу әр оқушының арманы десек болады. Жаңа жыл мерекесі мәңгі естеріңізде қалсын деп биыл шырша мерекесін ұйымдастыруға, безендіруге айрықша көңіл бөліп, «Арена» спорт кешенінде өткізіп жатырмыз. Мұндай шырша облысымызда бұрын-соңды ұйымдастырылған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев балалардың лайықты білім алуына барлық жағдайды жасап келеді. Халқымыз жылқыны айрықша қастерлеп, ердің серігі, төрт түліктің патшасы деп атаған. Жылқы жылы жақсылықтың, қуаныштың жылы болады деп сенген. Тіліміздегі «құлыншақ», «құлыным» деген мейірімге толы ыстық сөздер қазақ халқының баланы жақсы көргенде айтылатын аяулы сөздері. Сондықтан келе жатқан жылқы жылы, Жаңа жылымыз құтты болсын!», – деді облыс әкімі.

Балаларға театрландырылған қойылым сахналанып, аниматорлар мен балалар шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақардың келуімен шарада ерекше атмосфера орнады.

Шыршаға қатысқан әр балаға ҚР Президентінің атынан 120 мың теңгелік сыйлық сертификаттары, сондай-ақ тәттілер мен ойыншықтар салынған жаңа жылдық себет берілді. 

Айта кетейік, облыстың бес оқушысы Астанада өткен «Жаңа жыл Республика төрінде» атты президенттік шыршаға қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив