Qazaq Oil-дың Keruen Inn жол бойындағы қонақүйі енді Семейде
Qazaq Oil компаниясының заманауи жол бойы сервистік экожүйесінің бір бөлігі саналатын Keruen Inn қонақүйі Семей қаласында ашылды. Жаңа нысан Семей–Павлодар тас жолының бойында орналасқан және жолаушылар мен жүргізушілерге жайлы әрі қауіпсіз демалыс ұсынуға бағытталған.
Қонақүйдің жұмысымен Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр танысып, ұжымға сәттілік тіледі.
Keruen Inn — жол үстіндегі толыққанды әрі жайлы аялдама. Мұнда:
-
21 жайлы нөмір, жалпы 63 төсек-орын;
-
қонақүй стандарттарына сай барлық қажетті жағдай;
-
фуршет форматындағы таңғы ас қарастырылған.
Әр нөмір жеке санитарлық тораппен, душпен, Wi-Fi желісімен және спутниктік теледидармен жабдықталған.
Қонақүй аумағында жүргізушілер мен саяхатшыларға арналған жанармай құю бекеті, Dala Market минимаркеты, сондай-ақ электромобильдерге арналған Qazaq Energy Charge қуаттау станциясы жұмыс істейді.
Keruen Inn — жолда шаршауды басып, бағыттан ауытқымай, жайлы демалуға мүмкіндік беретін ыңғайлы әрі функционалды қонақүй.
📍 Мекенжайы: Семей қаласы, Семей–Павлодар тас жолы, 10/3









