Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығына барды

26-12-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келіп, БҰҰ Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығына барды.

Сапар барысында Министр Орталық ғимаратында орналасқан БҰҰ мекемелері өкілдіктерінің қызметімен, олардың ағымдағы басымдықтары мен перспективалы жобаларымен танысты. Ол практикалық нәтижеге бағытталған жұмыстың маңыздылығына назар аударды.

Е.Көшербаев Алматы қаласында БҰҰ Өңірлік орталығын құру және оның тиімді қызмет атқаруы Қазақстанның көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға және 2030 жылға дейінгі Орнықты даму саласындағы күн тәртібін ілгерілетуге қосқан маңызды үлесі екенін атап өтті.

СІМ басшысы Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықтың әмбебап алаңы ретінде БҰҰ-ның орталық рөлін нығайтуға деген өзгермейтін бейілділігін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив