Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Словакия Парламенті Спикерінің қатысуымен Алматыда Словакияның Құрметті консулдығы ашылды

23-04-2023, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Халық Радасының (Парламентінің) спикері Борис Коллар бастаған Словакияның өкілді парламенттік делегациясының қатысуымен осы елдің Құрметті консулдығы ашылды.

Ресми шарада Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және Словакияның Қазақстандағы Елшісі Роберт Кирнаг қатысты. 

Салтанатты рәсімге қатысушыларға арнаған сөзінде Б. Коллар Қазақстанның ірі қаржы, ғылыми-білім беру және туристік орталығы – Алматы қаласында словак құрметті консулдығын ашудың маңыздылығын атап өтті. Парламент Төрағасы сондай-ақ өткен жылы екіжақты тауар айналымының 166 миллион еуроға дейін өскенін қанағаттанушылықпен атап өтті. 

А. Құспан өз кезегінде Қазақстан мен Словакия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай (1993 жылғы 1 қаңтар) Алматыда СР Құрметті консулдығы ашылуының символдық мәнін атап өтті. «Бұл шара біздің елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық байланыстарды нығайтудағы тағы бір маңызды қадам болды», – деп атап өтті А. Құспан және де парламентаралық ынтымақтастықтың қарқынды дамуына қанағаттанғандығын білдірді. 

Р. Василенко Құрметті консулдықтың қызметі мәдениет, ғылым, білім, экономика және сауда сияқты салаларда Қазақстан-Словакия ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Бүгінде Қазақстанда словак капиталының қатысуымен 30-ға жуық компания табысты жұмыс істеп жатқаны ерекше атап өтілді. 

Өз кезегінде Словакияның Алматыдағы жаңа Құрметті консулы Гүлмира Толғанбаева қазақстандық және словак тараптарының оған көрсеткен жоғары сенімі үшін ризашылығын білдіріп, сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі нығайтуға, екі елдің іскер топтары өкілдерінің арасындағы іскерлік байланыстарды арттыруға, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға белсенді қатысуға дайын екендігіне сендірді.

Алматыдан басқа, Қазақстанда Словакияның Қарағандыдағы Бас құрметті консулдығы және Өскемендегі Құрметті консулдығы жұмыс істейді. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив