Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

Абай облысында жылумен жабдықтау жүйесі кезең-кезеңімен жаңғыртылуда

31-12-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Өңірде орталықтандырылған жылумен жабдықтау 3 қала мен 5 ауданды қамтиды. Қазіргі таңда 46 жылу көзінде 183 қазан агрегаты жұмыс істейді.

Семей қаласында 12 жылу көзі жаңғыртылып, қазандықтар мен қосалқы жабдықтар ауыстырылды. Сонымен қатар 13,6 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылып, бұл жүйенің сенімділігі мен энергия тиімділігін арттырды.

Аягөз қаласындағы «Орталық» қазандықта үш қазан ауыстырылып, жылу қуаты артты. Қоса атқарылған желілерді салу және ауыстыру жұмыстарының нәтижесінде 2026 жылы 1000-нан астам тұрғынды орталықтандырылған жылумен қамту жоспарлануда.

Курчатов қаласы мен бірқатар аудандарда да жылу көздері мен желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде облыс бойынша жылу желілерінің тозу деңгейі 59,3%-дан 55,6%-ға, ал Семей қаласында 61,5%-дан 58,2%-ға төмендеді.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив