Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
512.83 600.58 6.36

Семейде Қайым Мұхамедхановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

5-01-2026, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін көрнекті қазақ жазушысы, абайтанушы ғалым, педагог Қайым Мұхамедхановтың дүниеге келгеніне 110 жыл толды.

Осыған орай Семей қаласында жұртшылық ғалымның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Шара барысында сөз сөйлеген Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдық мерейтойы өңірде кең көлемде атап өтілетінін айтты.

Оның айтуынша, облыс әкімі Берік Уәлиұлының ұсынысымен жыл бойы ғалымның өмірі мен шығармашылығын насихаттауға бағытталған рухани-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мерейтой аясында республикалық ғылыми конференция өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, Қайым Мұхамедханов — Қазақ КСР-нің алғашқы Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы. Ол 1940 жылы Семей қаласында Абай мұражайының негізін қалап, ұлттық руханияттың дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив