Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Беларусьтегі халықаралық байқауда жеңімпаз атанды
Беларусь Республикасының Витебск қаласында «Арт-парад в Витебске» VII халықаралық фестиваль-байқауы өтті. Байқауға Қазақстан, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қытай, Грузия және Қырғызстан – жалпы 12 елден 1 200-ден астам өнерпаз қатысты.
Байқауда Қазақстан атынан Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша 4-курс студенті Ақерке Амалят өнер көрсетті. Ол қазақ халық әнін орындап, 129 ұпай жинап, «Вокал» номинациясы бойынша Гран-при иеленді.
Айта кетейік, Ақерке бұған дейін де халықаралық және республикалық деңгейдегі көптеген байқаулардың жеңімпазы әрі лауреаты атанған.
Тағыда оқыңыз
2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияға ие болғандар тізімі жарияландыАбай облысында арнайы мектеп оқушылары өнерімен тәнті еттіҚасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин БАҚ өкілдері үшін брифинг өткіздіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Жарма аудандық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?