Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында арнайы мектеп оқушылары өнерімен тәнті етті

4-06-2024, 16:41 Сәтжан Қасымжанұлы

Абай облысы Семей қаласындағы №3 арнайы мектеп-интернатында «Сұлу саз» фольклорлық ансамблі, «Сырғалым» жетігеншілер, «АРТ лайф» баянистер ансамбльдерінің жетістіктері өнерсүйер қауымға кеңінен танымал. Осынау білім ордасында мүмкіндігі шектеулі оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарға негізделген адамгершілік тәрбиені қалыптастыру, дамыту нақты жолға қойылған.   Сондай-ақ оқушылардың қызығушылықтарына қарай әртүрлі үйірмелер бар. Үйірме нашар көретін оқушыларға қазақтың ұлттық музыка өнерін насихаттап олардың білімді, мәдениетті болып өсуіне баса мән беріледі.

Білім ошағындағы музыка кабинеті ұлттық музыкалық аспаптармен қамтылған. Музыка пәні бойынша үйірмелер жұмыс істеп, мектеп жанынан «Сұлу саз» этно-фольклорлық ансамблі, «Сырғалым» жетігеншілер, «Арт Лайф» баянисттер, «Асыл мұра» домбырашылар ансамбльдері және қобыз, сазсырнай, басдомбыра, шанқобыз  үйірмелері ашылған. 

Сонымен қатар Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінде өткен халықаралық байқауларда «Сұлу саз» фольклорлық ансамблі мен «Сырғалым» жетігеншілер ансамблі  Гран при жүлдесін жеңіп алды. Үйірме жетекшісі, музыка пәнінің мұғалімі Сейфулина Қарлыгаш Советовна.

2024 жылғы 1 маусым күні Астана қаласында өткен «JULDYZAI-24» XIX Республикалық балалар шығармашылығы фестивалінде жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Анықтама үшін:

“Сұлу саз» фольклорлық ансамблі құрамында 30 оқушы бар.

XIII Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалінің Гран-при, иегері

Республикалық «Шексіз өмір» фестивалі  1-орын, «Армысың, әз Наурыз» байқауы, Гран-при, Республикалық «Барлығы мектептен басталады» фестивалінде топ жарып танылған. Халықаралық «Жұлдызға қадам» байқауының Гран-при, иегері.

«Арт лайф» баянистер тобында 5-9 сынып оқушылары ойнайды.

«Аспапта ойнау» номинациясы бойынша «Арт лайф» баянистер тобы «16 қыз» халық әні және оркестр сүйемелдеуімен Д. Смағұлұлы «Айттым сәлем Қаламқас» әнімен өткен жылы республикалық «Жұлдызай» фестивалінде ІІІ орынға ие болды. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  жеңімпаздар қазақстандық эстрада жұлдыздарымен бірге «Медиа» телевизиялық орталығының үлкен сахнасында өткен Гала-концертке қатысты және «Хабар» телеарнасы мен қордың YouTube әлеуметтік желісіндегі парақшасында көрсетілді.

«Сырғалым» жетігеншілер ансамблінде 6 оқушы бар. «Жұлдыз Арт-2022»  Халықаралық байқау-фестивалі,  Түрік Республикасының Белек қаласында және «BI-Жұлдызай» фестивалінің Халықаралық турында «Аспаптық орындау» номинациясында   І орынды жеңіп алған.

«Сазсырнай» үйірмесі 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2019 жылы Халықаралық «Жұлдызай» фестивалінде Уалканова Алуа «Балапан қаз» халық әнін орындап жүлделі ІІІ орынды иеленсе, 2023 жылы Тілекқызы Кәусәр «Жұлдызай» фестивалінің гала концертіне қонақ ретінде шақырылып, «Хабар» арнасында Естайдың «Құсни Қорлан»  әнін тамаша орындап, көрермендерге  өнерін паш етті.

2024 жылдан бастап Саксофон үйірмесі ашылды. Үйірме мүшесі Тілекқызы Кәусәр «Япурай» халық әнін саксафонда шебер орындап байқауларға қатысуға дайындық үстінде.

Мектеп түлектері жыл сайын ҰБТ-ны сәтті тапсырады. Алдыңғы 2022-2023 оқу жылында орташа  92,5  баллымен тапсырып, мемлекеттік грант иегерлері атанып,  жоғары оқу орындарына түсті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив