«Көкпекті» ШЖҚ МКК әкімшілігі уақытша ауыз болмайтыны туралы ескерту жасады
КӘСІПОРЫНДАР, МЕКЕМЕЛЕР БАСШЫЛАРЫ МЕН КӨКПЕКТІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
🚿 СУ ҚҰБЫРЫ ЖЕЛІЛЕРІН ЖУУ ЖӘНЕ ХЛОРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ ⚠️
“Абай облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің «Көкпекті» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны” жазғы кезеңге арналған жоспарлы алдын алу іс-шаралары аясында 2025 жылғы 10 маусым күні сағат 10:00-ден бастап, 11 маусым күні сағат 09:00-ге дейін Көкпекті ауылы аумағында су құбыры желілері мен су резервуарларын жуу және дезинфекциялау (хлорлау) жұмыстарын жүргізетінін хабарлайды.
🛑 Осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында ауыз су беру уақытша тоқтатылады.
‼️ Жуу және хлорлау жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде, сондай-ақ құбырларда су қалған жағдайда, аталған суды ішуге және тағам дайындауға қатаң түрде тыйым салынады.
✅ Тұрғындардан, кәсіпорындар мен мекеме басшыларынан тұрмыстық қажеттіліктерді өтеу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын ала жеткілікті мөлшерде су қорын жинап алуды сұраймыз.
🔹 Көрсетілген уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністік танытып, кешірім сұраймыз.
📞 Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:
-
WhatsApp: +7 776 410 08
-
Байланыс орталығы (тәулік бойы): +7 707 314 45 85
Құрметпен,
«Көкпекті» ШЖҚ МКК әкімшілігі