Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Көкпектіде интернет жылдамдығы бірнеше есеге артады

9-06-2025, 10:37 018.kz

Көкпекті ауданының әкімі Әділет Қожанбаев цифрлық даму бағыты бойынша кезекті маңызды жаңалығымен бөлісті. Аудан халқы үшін аса өзекті саналатын интернет сапасын жақсарту мәселесі жүйелі түрде қолға алынып, нақты нәтижелерге қол жеткізілуде.

Жақында аудан басшысы Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаев «Қазақтелеком» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының өкілдерімен арнайы кездесу өткізіп, аудан аумағындағы интернет жылдамдығын арттыру мәселесін жан-жақты талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Көкпекті ауылында 2025 жылдың соңына дейін «GPON» технологиясы негізінде талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту туралы нақты келісімге қол жеткізілді.

Аталған жоба іске асқан жағдайда, қазіргі таңда шамамен 8 Мбит/секунд деңгейінде болып отырған интернет жылдамдығы 150 Мбит/секундқа дейін артады. Бұл – білім беру, мемлекеттік қызметтер, кәсіпкерлік, медицина және қашықтан жұмыс істеу бағыттарында жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды қадам.

Бүгін аудан әкімі жобаны жүзеге асыратын мердігер ұйымның өкілі Салим мырзаны және аудандық «Қазақтелеком» бөлімінің меңгерушісі Мәди Көшербайұлын қабылдап, алдағы атқарылатын жұмыстардың нақты жоспарын талқылады. Кездесу барысында инфрақұрылымды кезең-кезеңімен дамыту, техникалық талаптар мен іске асыру мерзімдері пысықталды.

Жақын күндері мердігер ұйым Көкпекті ауылындағы әрбір тұрғын үй мен мекемеге жоғары жылдамдықты интернет желісін тарту жұмыстарын бастайды. Айта кету керек, бұл жоба Абай облысында алғаш рет жүзеге асырылып отырған бірегей бастама болып отыр. Қазіргі таңда өзге аудандарда мұндай жоғары технология әлі енгізіле қойған жоқ.

Аталған жаңашыл жоба Көкпекті ауданының цифрлық инфрақұрылымын түбегейлі жаңғыртып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді деп күтілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив