Көкпектіде «Үлгілі ауыл» атты аудандық байқауы басталды
📢 Құрметті жерлестер!
Көкпекті ауданында елді мекендердің көркі мен тұрғындардың белсенділігін арттыруға бағытталған «Үлгілі ауыл» атты аудандық байқау басталғанын қуана хабарлаймыз!
📌 Байқаудың негізгі мақсаты:
Ауылдардың санитарлық тазалығын сақтау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүйелі түрде дамыту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық кеңістіктерді көркейту арқылы тұрғындардың туған жеріне деген жанашырлығын, жауапкершілігін және патриоттық сезімін арттыру.
🏡 Байқауға кімдер қатыса алады?
Байқау Көкпекті ауданына қарасты барлық ауылдық округтер арасында өткізіледі. Байқау барысы ашық әрі жария түрде, тұрғындардың, қоғам белсенділерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады. Әр кезеңнің нәтижелері жергілікті және облыстық БАҚ-та тұрақты түрде жарияланып отырады.
🏆 Жеңімпаздарды анықтау критерийлері:
Жұмыс тобы ауылдардың жалпы көркі мен инфрақұрылымының жағдайын төмендегі көрсеткіштер бойынша бағалайды. Әр критерий 5-тен 10 ұпайға дейін есептеледі:
-
🌳 Ауыл аумағында отырғызылған көшеттердің саны, жасыл желектердің сақталуы мен күтім деңгейі
-
🏠 Әлеуметтік нысандардың, тұрғын үйлер мен сауда орындарының сыртқы келбеті, сәнделуі және түнгі жарықтандырылуы
-
🛣 Ауылға кіреберіс жолдар мен ішкі көшелердің сапасы, тазалығы және ретке келтірілуі
-
💡 Көше жарықтандыру жүйесінің тиімділігі мен қолданыстағы жағдайы
-
🪑 Шағын архитектуралық нысандардың (орындықтар, аялдамалар, балалар алаңдары) және демалыс аймақтарының жай-күйі
-
🗑 Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жүйесінің ұйымдастырылуы, қоқыс орындарының санитарлық жағдайы
-
📢 Көше бойындағы бағаналар, ақпараттық тақтайшалар мен үгіт-насихат материалдарының эстетикалық және техникалық күйі
🎖 Жүлделер мен марапаттар:
🏅 Байқау қорытындысы бойынша I, II және III орындар анықталып, жеңімпаз ауылдарға арнайы сыйлықтар мен марапаттар табысталады.
🎗 Сонымен қатар, «Ең таза ауыл», «Ең жасыл ауыл», «Үздік көше», «Белсенді тұрғындар» сынды арнайы номинациялар қарастырылған.
💬 Байқаудың барлық кезеңдері, үздік тәжірибелер мен қорытынды нәтижелері жергілікті және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланады.
📅 Байқаудың қорытындысы – 2025 жылғы тамыз айында шығарылады.
📋 Бағалау нәтижесінде ең жоғары ұпай жинаған ауылға «Үлгілі ауыл» құрметті атағы беріледі.
🌟 Барша ауыл тұрғындарын, қоғамдық ұйымдарды және белсенді азаматтарды байқауға белсене қатысуға шақырамыз!
Таза ауыл – ортақ жауапкершілік, көрікті мекен – бірліктің нәтижесі!