Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Көкпекті ауданында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті

18-07-2025, 15:10 018.kz

Аудан әкімдігінің ғимаратында Көкпекті ауданының әкімі Әділет Нұрсағатұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға барлығы 6 аудан тұрғыны жазылып, олардың барлық сұрақтары тұрғын үй мәселелеріне қатысты болды.

Қабылдау барысында аудан басшысы әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, олардың проблемаларының мән-жайын жан-жақты зерттеді. Әділет Нұрсағатұлы сала мамандарына заң шеңберінде тұрғындарға қолдау көрсету, мәселелерін шешу жолдарын қарастыру және нақты шаралар қабылдау бойынша нақты тапсырмалар берді.

Тұрғындармен тікелей кездесулер өткізудің маңыздылығы – жергілікті билік пен халық арасындағы өзара сенім мен ашықтықты нығайту, тұрғындардың күнделікті өміріндегі өзекті мәселелерін дер кезінде шешу. Аталған қабылдау нәтижесінде әрбір тұрғын өз өтінішіне нақты жауап алып, тиісті қолдау шараларының жүзеге асырылуына кепілдік берілді.

Бұл іс-шара Көкпекті ауданында азаматтарға қолжетімді мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға және тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив