Cемей-27°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
510.95 594.49 6.5

Сенатта жеке секторды ОРЕС Халықаралық даму қоры арқылы қаржыландыру туралы заң қаралды

Бүгін, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заңды қарады.

Негіздемелік келісім ОРЕС Халықаралық даму қорының қарыздарын, кепілдіктерін және басқа да қаржы құралдарын тарту үшін тұрақты құқықтық негіз құру есебінен Қазақстанның қаржы ынтымақтастығы мен орнықты экономикалық дамуын ынталандыруға бағытталған. Құжат инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру, инвестицияны қорғау және халықаралық қаржы институтымен өзара икемді іс-қимыл шарттарын көздейді.

Келісім шартына сәйкес, ОРЕС қоры Қазақстан Үкіметін жазбаша жобалық ұсыныс арқылы жобаларды болжамды қаржыландыру туралы хабардар ететін болады. Қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер жылдық 2,5-тен 5 пайызға дейінгі аралықта, жеңілдікті кезең – 6 айдан 24 айға дейін, қарыз алу мерзімі – 22 жылға дейін көзделіп отыр.

Құжат сондай-ақ Қазақстан аумағындағы ОРЕС қорының құқықтық мәртебесін бекітеді, оның активтері мен кірістерін тікелей салықтардан босатуды, қаржыны еркін айырбастау және аудару кепілдігін береді. Сондай-ақ инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында Қордың артықшылығы мен иммунитетін айқындайды.

Сенаторлардың айтуынша, заңның қабылдануы жеке сектордың ұзақ мерзімді қаржы ресурсына қолжетімділігін кеңейтуге, инвестиция тартуға және аграрлық салада орнықты жобаларды іске асыруға және ауылдық аумақтарды дамытуға ықпал ететін болады.

Комитет мүшелері отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив