Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Көкпектіде этномедиацияны дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

18-07-2025, 13:19 018.kz

Бүгін Көкпекті ауылының Оқушылар шығармашылық сарайының ғимаратында Абай облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «СОЦKZ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Этномедиацияны жүргізу және дамыту жөніндегі қызметтер» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Ауқымды іс-шараға мемлекеттік орган мамандары, құқық қорғау саласының өкілдері, аудан мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Семинардың басты мақсаты – этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, этномедиация тетіктерін түсіндіру және сала мамандарының тәжірибелік дағдыларын арттыру болды.

Шара барысында спикер, этномедиация саласының маманы Абжаков Асет Талгатбекович этномедиацияның мәні мен маңызына, оны қолданудың құқықтық және практикалық қырларына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, этносаралық және әлеуметтік шиеленістердің алдын алу, даулы жағдайларды келіссөз арқылы шешу жолдары, медиатордың рөлі мен жауапкершілігі туралы нақты мысалдар келтірілді.

Семинар-тренинг интерактивті форматта өтіп, қатысушылар өзара пікір алмасып, күнделікті қызмет барысында кездесетін жағдайлар бойынша сұрақтар қойды. Практикалық тапсырмалар арқылы этномедиация әдістерін қолдану тетіктері пысықталып, нақты кейстер талданды.

Іс-шара соңында қатысушылар семинардың мазмұны мен практикалық маңызын жоғары бағалап, мұндай тренингтердің қоғамдағы тұрақтылық пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив