Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Кәсіпкерлік нысандарында «Тіл туралы» заң талаптарының сақталуына мониторинг жүргізілді

18-07-2025, 14:11 018.kz

Кәсіпкерлік, мәдениет, ішкі саясат және полиция бөлімдерінің өкілдерінен құралған жұмыс тобы кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы нормаларын сақтауына қатысты мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг барысында жол бойындағы қоғамдық тамақтану орындарына ерекше назар аударылып, нысандардың маңдайшалары мен мәзірлеріндегі жазбалардың мемлекеттік тілде және заң талаптарына сәйкес рәсімделуі тексерілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша әдістемелік кеңестер берілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, көрнекі ақпарат пен қызмет көрсету саласында заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту болып табылады.

Жұмыс тобының өкілдері мониторинг барысында кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігінде заң талаптары сақталып отырғанын атап өтті. Ал кейбір нысандарда анықталған олқылықтар бойынша тиісті ұсынымдар беріліп, оларды белгіленген мерзімде түзету қажеттігі ескертілді.

Айта кетейік, мұндай мониторинг шаралары жыл бойы жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив