Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.91 499.05 5.3

Көкпекті ауданында жол жиектеріндегі шөп шабу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

28-07-2025, 09:37 018.kz

Көкпекті ауданында аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жиегіндегі шөптерді шабу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Аталған жұмыстар тиісті мекемелер тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

Жол бойындағы шөптердің уақытылы шабылуы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл, ең алдымен, көлік жүргізушілерінің көру аймағын кеңейтіп, жол бойында пайда болуы мүмкін түрлі кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының алдын алуға оң әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, жол жиектерін күтіп ұстау ауданның санитарлық жағдайын жақсартып, елді мекендердің көркіне де оң ықпал етеді. Аудан әкімдігі тұрғындарды тазалық пен тәртіпті сақтауға, ортақ іске өз үлестерін қосуға шақырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив