Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Көкпекті аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті

13-08-2025, 10:45 018.kz

Бүгін Көкпекті аудандық мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс отызыншы сессиясы өткізілді. Сессия жұмысына мәслихат депутаттары толық құрамымен қатысып, күн тәртібіндегі бірнеше маңызды мәселе қаралды.

Кезектен тыс отызыншы сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1️⃣ Көкпекті аудандық бюджетіне өзгерістер енгізу

  • Көкпекті аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 23-2 «2025-2027 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» шешіміне түзетулер енгізу мәселесі талқыланды. Бұл өзгерістер ауданның қаржылық жоспарлауын жетілдіруге және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруға бағытталған.

2️⃣ Әртүрлі мәселелер:

  • Елді мекендердің құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныстар енгізу;

  • Көкпекті ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту;

  • Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу бойынша аудандық үшжақты комиссияның құрамын бекіту;

  • Көкпекті аудандық жастар ісі жөніндегі Кеңестің құрамын бекіту;

  • Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту;

  • Мемлекеттік рәміздер бойынша аудандық комиссияның құрамын бекіту;

  • Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10-13/1 «Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу.

Сессия барысында депутаттар әр мәселені жан-жақты талқылап, ұсыныстар мен түзетулерді қарастырды. Қаралған барлық мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жергілікті басқару тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдар белгіленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив