Көкпекті ауданында аппарат отырысы өтті
Бүгін Көкпекті ауданында аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлының төрағалығымен аппарат отырысы ұйымдастырылды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік мекемелердің жетекшілері, сондай-ақ партия және БАҚ өкілдері қатысты.
Аппарат отырысының күн тәртібінде келесі негізгі мәселелер қаралды:
1️⃣ Көкпекті ауданында Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының орындалу барысы және жоспар тапсырманың орындалу деңгейі;
2️⃣ Ағымдағы жылдың күзгі мерзімді әскер қатарына шақыру шараларының орындалу барысы;
3️⃣ Нысаналы пайдаланылмаған жер телімдерін мемлекеттік қорға қайтару және заңсыз жер телімдерін пайдаланып жатқан тұлғаларды анықтау бойынша атқарылған жұмыстар.
Бірінші мәселе бойынша аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөліміне ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы санағын күшейту, тапсырманың сапалы орындалуын қамтамасыз ету және ай соңына дейін жоспардың 100% орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырма берді.
Екінші сұрақ бойынша аудан басшысы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысына және ауылдық округ әкімдеріне әскер қатарына шақыру жасындағы азаматтардың тізімін тұрғылықты мекенжайлары бойынша нақтылап, күзгі мерзімді әскер қатарына шақыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бұл шара азаматтарды уақытылы әскер қатарына шақыру және қолданыстағы тәртіп пен заңдылықты сақтау мақсатында жүргізілуде.
Үшінші мәселе бойынша Әділет Нұрсағатұлы аудандық жер қатынастары бөліміне ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, ауданнан көшіп кеткен тұрғындардың пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау, қосымша зерделеу жұмыстарын жүргізу және анықталған жерлерді жер инспекциясына жолдау қажеттігін ескертті. Бұл шара жерді тиімді пайдалану мен заңсыз қолданудың алдын алу мақсатында жүргізілуде.
Аппарат отырысының қорытындысында аудан әкімі барлық жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар мен мерзімдер беріп, атқарылған жұмыстардың сапасын бақылауды қамтамасыз етуді қадап айтты. Отырыстың негізгі мақсаты – ауданның әлеуметтік-экономикалық, ауылшаруашылық және қорғаныс салаларындағы ағымдағы жұмыстардың үйлесімділігін арттыру болды.







